Тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өтті - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өтті

Күзгі демалыс уақытында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн форматта спартакиада өтті. Көкшетау қаласының намысын қорғаған білім алушылар жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Көкшетау қаласындағы "физика-математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің" баспасөз хатшысы Муслима Асхатова.

Ұлттық зияткерлік ойынға қашықтан барлығы 90 адам қатысты. Аталған желілік сайыста көкшетаулық өрендер де жеңіс тұғырынан көрінді. Мектеп намысын қорғаған 5-сынып оқушысы Сарсенбай Ажар жеңіске жетіп, 1-орын иегері атанды. Ал 6-сынып оқушысы Күлтеміров Бернар мен 12-сынып оқушысы Бүленбай Нұрсәуле 3-орынға ие болды.

Жарыстың жүлдегері атанған 12-сынып оқушысы Бүленбай Нұрсәуле тоғызқұмалақты бастауыш сыныптардан ойнай бастады. Өзінің бос уақытын ұлттық ойынға арнайды. 

«Дайындықтың нәтижесінде мен 3-жүлделі орын алдым. Қарсыластарым мықты болды. Бұл ойын жоғары дәрежелерге көтерілгенін қалаймын. Еліміздің ішінде ғана дамып қоймай, өзге елдерде де бұл ойын туралы біліп, қызуғышылық танытса жақсы болар еді», — дейді Нұрсауле.

Сондай-ақ, кіші жастағылардың тобында Сәрсенбай Ажар мен Күлтеміров Бернар жалпы командалық есепте 2-орынды иеленді. Оқушыларды жарысқа дене шынықтыру мұғалімі Қанат Белгібаев дайындады. 

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылар арасында тоғызқұмалақ спартакиадасын дәстүрлі түрде өткізеді. Басты мақсат — қазақтың ежелгі зияткерлік ойындарының бірі тоғызқұмалақты жаңғыртып, өскелең ұрпақтың арасында насихаттау.

Жол саласы мамандарға мұқтаж

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button