Ақын Табысбек Үсеннің шығармашылық кеші өтті (ВИДЕО) - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақРуханият

Ақын Табысбек Үсеннің шығармашылық кеші өтті (ВИДЕО)

Қарашаның 25-і Қалалық үлгілі қазақ кітапханасында жергілікті жас ақын, «Бозжусан» кітабының авторы Табысбек Үсенмен «Жастықтың оты жалындап» атты кездесу кеші өтті.

Шараға мектеп оқушылары мен студенттер, ұстаздар және қала тұрғындары келді. Сонымен қатар, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жамбек, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ерболат Баятұлы, Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің басшысы Қуаныш Оспан, Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры Мерген Тоқсанбай да поэзия дәурен құрған кешке қатысты.

 

Кеш барысында кітапхана жанынан құрылған «Темірқазық» ұйымының мүшелері дарынды ақынның өлеңдерін оқып, көрерменнің көңілінен шықты.

Ақын Ерболат Баятұлы мен филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жамбек Табысбек Үсеннің өлеңдеріне қатысты ойларымен бөлісіп, артықшылықтары мен ерекшеліктерін атап көрсетіп, шығармашылық табыс тіледі.

Ақынның өзі де өнерсүйер, өлеңсүйер қауымға жырдан шашу шашып, талантымен тәнті етті.

Шара соңында ақын Мерген Тоқсанбай Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының атынан Табысбек Үсенге алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, кітапхананың басшысы Қуаныш Оспан да ақынға алғысын білдіріп, алғыс хат берді. Табысбек Үсен де өз кезегінде кітапхана резервіне 2020 жылы жарық көрген «Бозжусан» атты жыр жинағын тарту етті.

Мәдениет басқармасынан жеткен «мәдениетсіздеу» хат

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button