Шымкент қаласында грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. Боз кілемге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан елдерінің 250 спортшысы шықты.
Ақмола облысының балуандары да дүбірлі додадан жүлдемен оралды. 63 кг салмақ дәржесінде өнер көрсеткен Дастан Зырлыханов «күміс» жүлдеге ие болса, 82 кг салмақ дәрежесінде белдескен балуан Константин Штефанов «қола» жүлде еншіледі.