Көкшетаулық оқушылар ғылыми жобалар байқауында топ жарды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Көкшетаулық оқушылар ғылыми жобалар байқауында топ жарды

Бес күн бойы 300-ден астам жас зерттеуші сараптама комиссиясына өз өнертабыстарын таныстырды. Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 14 оқушы өз жобаларын қорғап, 5 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Көкшетау қаласындағы "физика-математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің" баспасөз хатшысы Муслима Асхатова.

Аталған жобаның тақырыптары алуан түрлі болды. Сайысқа төрт бағыт бойынша барлығы 264 жоба ұсынылды.

Апталық жарыс қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының НЗМ оқушылары «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша Мухамеджанов Абылайхан мен Лапитан Максим бірінші орынға ие болды.

Көкшетау қ. НЗМ ФМБ 12 сынып оқушысы Лапитан Максим халықтың денсаулығына зиян келтіретін атмосферадағы радонның концентрациясын анықтауға арналған қосымшаны әзірледі:

Бастапқыда мен радон тақырыбына және оны қалай анықтауға болатынына қызығушылық таныттым. Ақмола облысындағы Калачи селосында адамдардың себепсіз ұйықтап қалатынын оқыдым. Ұйқының ұзақтығы 6-7 күнге созылған еді. Содан кейін тұрғындардың галлюцинациясы басталатынын білдім. Себептердің бірі радонның жоғарғы концентрациясы. Осы тақырыпқа тереңірек үңілуді шешіп, гипотеза құра бастадым.

Көкшетаудағы НЗМ ФМБ оқушысы Абылайхан Мұхамеджанов әзірлеген жобаның ауқымы да кең. Ол басқа құрылғылармен соқтығысудың алдын алу үшін ғарыш қоқыстарын бақылауға арналған аппарат құруды ұсынады.

Біз бағытты есептеп, деректер арқылы объектілердің қозғалысын реттей аламыз. Біздің шағын көлемді аппаратымыз ғарыш қоқысының орбиталық деректерін есептейтін борттық жүйелер мен машиналық көруді пайдаланады, – дейді Абылайхан.

Жүлделі үшінші орынға «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша Ахтанов Асанали, Касенова Камила және Қуанышбеков Еділ «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» бағыты бойынша Ерназаров Елдар және Салемова Хадиша ие болды.

Айта кетейік, сайыстың жеңімпаздары алдағы уақытта ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің абыройын қорғайды.

Юрий Курушин Ақкөл ауданының әкімі болып тағайындалды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button