Қоғам
Жансая Әбдімәлік «Дара» орденімен марапатталды
Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті жеңісімен құттықтап, «Дара» орденімен марапаттады. Бұл орден — шахмат федерациясының ең жоғары наградаларының бірі.
Естеріңізге сала кетейік, Жансая Әбдімәлік Гибралтардағы әйелдер арасындағы Гран-при кезеңіндегі ойынының қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Осылайша халықаралық гроссмейстер атағын алған алғашқы қазақстандық және Орталық Азия өкілі атанды.