"Жұпарлы жаңбыр" жыр жинағының тұсаукесері өтті - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақРуханият

«Жұпарлы жаңбыр» жыр жинағының тұсаукесері өтті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесі ұйымдастырған ақын Манарбек Қыдырбайдың "Жұпарлы жаңбыр" кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.

Желтоқсанның 14-і Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Республикалық «Ауылым — алтын тұғырым», «Тәуелсіздік толғауы», «Құлагер» байқауларының жеңімпазы Манарбек Қыдырбайұлының «Жұпарлы жаңбыр» жыр жинағының тұсаукесер-таныстырылымы өтті. 

Әдеби кешті Көкшетау қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің басшысы, ақын Қуаныш Оспан жүргізді.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Құдайберлі Мырзабек, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ерболат Баятұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, ақын Алмас Темірбай, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Құралай Ыдырысова шараның құрметті қонақтарына айналды. 

Ақмола облысының Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Ерлан Мұхамедьяров кітаптың тұсауын кесіп, жылы лебізі мен құттықтауын жеткізді. 

Сондай-ақ, ҚР Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры Мерген Тоқсанбай, Нұрислам Әбділ, Табысбек Үсен, Оралбек Нүріш, Серғазы Қайырболды, Абылайхан Әшімхан сияқты жергілікті жас ақындар да сахна төріне шығып, ақынға ізгі тілектерін айтты. 

Сонымен қатар, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі актерлік бөлімінің 4-курс студенттері Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Маржан Бөкешеваның жетекшілігімен сахналық қойылым көрсетіп, шараның көркін келтірді. 

Ақмола облысында қазақ тілін үздік меңгерген тәуелсіздік құрдастары анықталды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button