"Урал" қос бірдей қазақстандық ойыншымен келіссөздер жүргізуде - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Әлем жаңалықтарыҚоғам

«Урал» қос бірдей қазақстандық ойыншымен келіссөздер жүргізуде

Қазақстан құрамасының екі футболшысы Ресей Премьер-лигасының өкілі «Уралмен» келісімшартқа отыруы мүмкін. Бұл туралы «Матч TV» хабарлады.

Оның бірі — Абат Айымбетов, ол клубтың Дубайдағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Ойыншымен келісімшартқа әлі қол қойылмағандығы атап өтілді. Бірақ бұл мәміленің ықтималдығы жоғары деп бағалануда. Форвард Дубайда өткен екі жолдастық кездесуге қатысты.

Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Максим Федин де дәл осы клубта қаралымнан өтуде. Ол «Краснодар-2» командасымен болған кездесуде нәтижелі пас берді.

«Урал» 19 турдан кейін 21 ұпаймен РПЛ-дің турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Айта кетейік, қазақстандық ойыншылар Ресей чемпионатында легионер болып саналмайды.

Дереккөз: AlaDop.kz

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button