Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс енгізілуде - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚылмысЭкономика

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс енгізілуде

«Antikor ortalyǵy» алаңында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың, «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенованың және квазимемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің қатысуымен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында және коммерциялық ұйымдарда корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын құру мәселелері бойынша семинар өтті.

«Өткен жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің өзектілігі мен маңыздылығы заңнамалық деңгейде айқындалған. Комплаенс қызметі мамандарының басты міндеттерінің бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның имиджін қорғау. Бұл құрал квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға, сондай — ақ компаниялар ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлық үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді деп санаймыз», — деп атап өтті Мұрат Төлеубаев өз сөзінде.

Семинарда шақырылған спикер — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Рысбекова сөз сөйлеп, Стандарттау халықаралық ұйымы әзірлеген ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ISO 37001 стандарты 2016 жылдың қараша айында жарық көрді. Оны әзірлеуге 44 елден 80-нен астам сарапшы тартылып, үздік әлемдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелер қолданылды. Ол ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін енгізу, қолдау және жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі талаптар мен ұсынымдардың жиынтығын білдіреді.

«Стандартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимылға және ұйымның корпоративтік мәдениетін жақсартуға бағытталған шаралар мен бақылау рәсімдерінің тізбесі толық айқындалғанын атап өткім келеді», — деп хабарлады Жанар Рысбекова.

Кездесу соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс формалды механизм емес, шын мәнінде жұмыс істеуі тиіс екенін айтты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)​ Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button