Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының Бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина қазіргі эпидемиологиялық ахуал жөнінде баяндап берді.
Оның айтуынша, облыстағы эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Осы уақытқа дейін 8558 адам коронавирус жұқтырса, 97 адам қауіпті індеттен көз жұмды. КВИ жұқтырғандардың 45% Көкшетау қаласында тұрады.
299 мектеп оқушысы оқу жылының бірінші жартысында коронавирус жұқтырып үлгеріпті. Бүгінде санитарлар облыс әкімдігіне жаңа шектеу шараларын ұсынды. Бұл шектеу мектептер мен ЖОО қызметіне қатысты болмақ.
Сондай-ақ Бас санитар дәрігер вакцинация туралы айтты. Екпе бірнеше кезеңде өтеді, оны алғашқылардың бірі болып дәрігерлер мен мұғалімдер алады. Вакцинация тегін жүргізіледі.
Айнагүл Мусинаның айтуынша, карантин шаралары дұрыс сақталмағандықтан, ауру өршіп тұр. Оған қысқы соғым науқаны да айтарлықтай әсер етіп отыр.
Фото: aqmolanews.kz