Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Бауыржан Мәлғаждаров Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.

«Бүгін Ақмола облысы әкімі Е.Б.Маржықпаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен мен Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым.

Ауданның барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарына жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені, командалық үйлесімді жұмысы және әлеуметтік жауапкершілігі үшін ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз.

Бірлескен күш-жігердің арқасында алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін көп іс тындырдық.

Әріптестеріме жанымда өткізген жемісті жұмыс ынтымақтастығы үшін жеке алғысымды білдіремін», — деп жазды Бауыржан Мәлғаждаров желіде.

Айта кетсек, осыған дейін Шортанды ауданында әкім болған Ғайдар Қасенов Қосшы қаласының әкім лауазымына тағайындалған еді.

Көкшетауда үйдің шатыры опырылып, ұйықтап жатқан қария көз жұмды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button