Аймақ
Сенбі Көкшетауда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі қазанның 16-сы, яғни сенбі күні өтеді. Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.
Осы жылдың 16-қазанында Көкшетауда «Тәуелсіздік» алаңында өңірдің ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.
«Жәрмеңкеде ұн тарту, сүт, көкөніс өнімдерінің әр алуан түрі және жұмыртқа, құс еті тауар өндірушілердің бағасымен сатылады», — делінген хабарламада.
Соңғы рет ақмолалық аграршылар 36 тоннадан астам ет және шұжық өнімдерін, 4,5 тоннаға жуық сүт өнімдерін және 170 мыңнан астам тауық жұмыртқасын алып келді. Сондай-ақ, балықтың – 1,1, картоптың 6,5, ұнның үш тоннасын өңір халқына ұсынды.
Ақмола спортшысы Қазақстан чемпионатында 3 «күміс» жүлде иеленді