
СҚО-да 5 ауылдың жері сатылып кете жаздады. Сот шешімі қалай болды? (ВИДЕО)
-
-
03.07.2023
Көкшетаудағы NIS: 60 түлек қанат қақты
-
23.06.2023
Автожолдардың сапасы басты назарда
-
-
-
-
Жаңалықтар
-
03.07.2023
Көкшетаудағы NIS: 60 түлек қанат қақты
-
23.06.2023
Автожолдардың сапасы басты назарда
-
-
-
Танымал кәсіпкер Борис Козлов ауызашарға 3 млн.теңге берді
Көкшетаулықтар талап-тілегін айтты (ФОТО)
Танымал кәсіпкер Борис Козлов ауызашарға 3 млн.теңге берді
Көкшетаулықтар талап-тілегін айтты (ФОТО)
Танымал кәсіпкер Борис Козлов ауызашарға 3 млн.теңге берді
БАРОМЕТР: Мәңгілік полк — Ресейдің шовинистік саясаты!
1 / 50 VideosБАРОМЕТР: "Мәңгілік полк" — Ресейдің шовинистік саясаты!
07:05БАРОМЕТР: Ресейліктер қазақ балаларының санасын улап жатыр
06:39БАРОМЕТР: Аңқау елге арамза молда болып отырған кімдер?!
03:36Д.Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Әсем қоңыр» концерті өтті
02:27Жабал Ерғалиев "Kokshe content" Ақпарат агенттігің ашылуымен құттықтады
02:40Үміт шырағы. Волонтеры. Кокшетау. Доброе сердце
19:31Үміт шырағы.Волонтер.Кокшетау.
18:42Көкшетауда Сәкен Жүнісов музейі ашылды.
02:29«Оған да тоқтамаса, өз обалы өзіне дейміз...» - Арман Бердалин
23:13Көкшетау. Халық наразылығы. 25.01.2021. Кокшетау. Народ против вакцинации.
09:02Жаңа жылдан бері Ақмола облысында 67 өрт болды
03:32Киберқылмыс.Интернет-алаяқтық.Ермек МАНАТОВ-АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
23:175 ауылдың жері заңсыз кепілдікке қойылғаны дәлелденді. Сот шешімі. Петропавл қаласы 19.01.21 жыл.
19:44Самое лучшее село Казахстана. Агрофирма «Родина». Иван Сауэр.
10:23Қазақша аудиокітап. "Көкшетау жайлы өлеңдер". Жарас Қалдаров. Көкшетау
26:31Қазақша аудиокітап. Зейтін Ақышов "Иманжүсіп". Жарас Қалдаров. Көкшетау
54:00Қазақша аудиокітап. Асқар Сүлейменов "Адасқақ". Жарас Қалдаров. Көкшетау.
38:42Қазақша аудиокітап. Иран Ғайып "Жәпек-Шаған". Жарас Қалдаров. Көкшетау.
27:49Қазақша аудиокітап. Сәкен Сейфуллин "Көкшетау моншқтары". Жарас Қалдаров. Көкшетау
20:13Қазақша аудиокітап. Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян". Жарас Қалдаров. Көкшетау
42:51Қазақша аудиокітап. Мәшһүр Жүсіп Көпеев "Кенесары-Наурызбай". Жарас Қалдаров. Көкшетау
37:13Қазақша аудиокітап. Кеңшілік Мырзабеков "Біржан Сал". Жарас Қалдаров. Көкшетау
32:58Қазақша аудиокітап. Әбіш Кекілбаев "Абылай хан". Жарас Қалдаров. Көкшетау
17:31Қазақша аудиокітап. Ілияс Жансүгіров "Құлагер". Жарас Қалдаров. Көкшетау. Мерген Тоқсанбай
01:06:35Спектакль.El jastar teatry. Бір түп жусан
19:49"Терапия" фильмі. "Бурабай аспаны"жобасы. Е. Б. Маржықпаев
19:18"Мұңайма клоун " фильмі . "Бурабай аспаны"жобасы. Е. Б. Маржықпаев
26:40"Паспорт"фильмі. "Бурабай аспаны"жобасы. Е. Б. Маржықпаев
19:15"Балықшылар"фильмі. "Бурабай аспаны"жобасы. Е. Б. Маржықпаев
18:52РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. "Жаңа қырынан"
20:34Көкшетаудағы апатты үй тұрғындары жаңа үйге көшеді
05:24БАРОМЕТР: "Қазақ жерін Қытай алады", "Жер шетелдік инвесторларға жалға беріледі"
03:51Наурыз мерекесіне орай концерт өтті.
03:16Е. Маржықпаев: " Әйел - тіршіліктің бастауы, махаббат пен мейірімнің нышаны" .
02:54Ақмола облысы. "Тәуелсіздік - бабам берген аманат" атты авторлық әндердің облыстық байқауы.
01:09БАРОМЕТР: Феминистерге "жел беріп" отырған кімдер?
04:00Ақмола облысында "Жігіт сұлтаны" анықталды. 2021 жыл.
02:43Ақмола облысы. "Жігіт сұлтаны" байқауы. 2021 жыл.
01:29БАРОМЕТР. Еуропарламент кімнің қотырын қасып отыр?!
06:335 жылқы соққан көлік жүргізушісі әділдік іздеп жүр
06:33Жетімдер үйі. "Анашым мені алып кетсе екен..."
03:14Нашақорлық соңы - қорлық
06:59Жұмыссыздық жайы
04:07Әке. Жақсы мен Жаман. Тәрбие.
04:54Смартфонға тәуелділік
02:52Қоғам кеселі. Түсік.
08:06Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы бір күн
03:32Нашақорлыққа жол жоқ! 2020 зерделі ұрпақ.
07:13"Бурабай бір таза жер "пері" жүрген..."
07:27Ажырасу
03:55Барлық Жаңалықтар
-
04.07.202316
Көкшетаудағы NIS оқушыларының кезекті жетістігі
Астана IT университетінің базасында «Samsung Innovation Campus Hackathon» стартап жобалар байқауы өтті.…
-
03.07.20234
Көкшетаудағы NIS: 60 түлек қанат қақты
Барлық «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» 2022-2023 оқу жылын аяқтаған түлектерге аттестат табыстау рәсімі…
-
23.06.20233
Автожолдардың сапасы басты назарда
2023 жылы Ақмола өңірінде 1000 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделіп жатыр. Аталған…
-
23.05.202313
ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ ШЕШІЛЕ МЕ?
Мамандармен сарапшылардың айтуынша, жол-құрылыс саласында мамандар жетiспейдi. Осы мәселе үлкен техника мен…
-
17.05.202320
Елімізде 2026 жылға қарай 191 ауыл мектебі NIS әдістемесімен оқиды
2020 жылы ауыл мектептерін дамытуға бағытталған NIS жобасы алдағы үш жылда «Қазақстан…
-
12.04.202317
Көкшетаулық зияткер стартап жобалар байқауында жеңімпаз атанды
Көкшетау қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Асылхан Қали «NURIS Hardware Challenge 2.0» стартап…
-
12.04.202315
Көкшетаудағы NIS-тің екі оқушысы республикалық ғылыми жобалар байқауында топ жарды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері…
-
27.03.202323
Көкшетаулық зияткерлер ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын бақылауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Жақсылық Дінмұхаммед, Расул Мейрам, Айгерім…
-
20.03.202318
Көкшетаудағы NIS оқушылары ХІІ Наурыз кездесулерінде жүлдегер атанды
15-17 наурызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия және…
-
11.03.202327
Ақмолалық зияткерлер тұңғыш жас ғалымдар форумында жүлдегер атанды
Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте өткен «Shoqan Ecology-2023» жас ғалымдардың экологиялық…
«Жер шетелдіктерге сатылмайды…»
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы Жолдауынан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы солай деді. Алайда «шетелдік инвесторлар қазақтың дархан даласына көз алартып отыр» деп жауды сырттан іздеп жүргенде, ол іштен шықты.
Әңгімені әріден бастауымыздың себебі түсінікті болар деп сенеміз. Жуырда редакциямызға бір танысымыз келіп, Солтүстік Қазақстан облысындағы 5 ауылдың жері сатылып кете жаздағанын айтты. Жаға ұстадық, әрине. Содан кейін күрмеулі мәселенің түйінін іздеп, осы іске қатысты ақпарат жинай бастадық.
Күні бүгінге дейін 5-6 мәрте сот отырысы өтіпті. Жер дауына қатысты елдің алдыңғы қатарында жүрген игі азаматтар бас көтеріп, күресіп келеді. Істің толық мазмұнын түсініп алу үшін жер дауына араласып, елдің тізгінін ұстап жүрген бірнеше азаматпен сөйлесіп көрдік. Алайда тереңіне толық бойлай алмадық. Белгілі тележурналист, теріскей жұртының тумасы Ернұр Нұрғалиевтің 26.11.2020 ж. Facebook желісіндегі жеке парақшасындағы жазбаны оқығаннан кейін ғана, мән-жайды толық түсіндік. Онда былай делінеді:
«Жер үлестерімізді кепілге қою туралы жалпы халықтық хаттаманы Сот заңсыз деп таныды. Демек «Жарқын-СК» ЖШС басшылары бес ауылдың (Дәуқара, Егіндіағаш, Қарақамыс, Светлый, Бірлестік) жұртын ескертусіз, өзге біреулерге жалған қол қойдырып, банкке кепілге салып жіберген. Енді сот шешімі заңды күшіне енген соң (1 ай) «Рамут» пен «Жарқын» ЖШС және Аграрлық несиелік корпорация арасындағы медиативті келісімді жою туралы апелляция беріледі. Сонда автоматты түрде шартты жер телімдерінен (пайшылардың үлесінен) қаржылық салмақ алынады. Ал оның құны аз емес, 600 000 000 теңге. Білмейтіндердің естеріне сала кетейін. Биыл ақпан айында Айыртау ауданында жер дауы шыққан еді. Онда жоғарыда аталған 5 ауылдың жерін жалға алған «Жарқын-СК» компаниясы 42 000 гектар егістік алқапты 2017 жылы банкке кепілге қойып, қарызын қайтармай қойған. Тиісінше АКК жерімізді аукционға шығарып сатып жібермекші болды. Аудан және селолық округ әкімдігі, Прокуратура, Ішкі істер органдары ай қарады ма, әлде шошқа тағалады ма? Әйтеуір сатылымға 3 күн қалғанда бірақ құлағдар етті!!! Сол үш күннің ішінде халықты жинап, әкімдікте жиналыс өткізіп аукционды тоқтатқан едік. Сол жерде халық арыз қалдырып, қылмыстық іс қозғалды.»
Енді асықпай тарқатып, баяндап берейік. 2017 жылы «Жарқын-СК» ЖШС Аграрлық несиелік корпорациядан несие алыпты. Бірақ ол туралы жан баласы естімеген, білмеген. Несиені рәсімдеген кезінде жерден үлесі бар әр адамның қолын жалған қойдыртып шыққан. Айтқандай, «қол қойды» деген құжаттың ішінде әлдеқашан бақилық болған жандардың аты-жөндері де көрсетіліпті.
Сол жылы 19 маусымда серіктестік жоғарыда айтылған корпорацияға 756 миллион 207 мың теңге негізгі қарыз, 156 миллион 207 мың теңге сыйақы мен айыппұл санкцияларын төлеу керек болады.
Алайда қарызға белшеден батып, оған шамасы жетпейді. Ақыры бұл іс елордадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберіледі. Сот болса, дауды реттеп, берешекті өндіріп беру үшін екі жақты келісім бекітеді. Келісімдегі шарт бойынша «Жарқын-СК» ЖШС қарызды 2018 жылғы 15 қазанға дейін өтеуге міндеттеледі. Бұл шарт орындалмаса, екінші тарап кепілге қойылған мүлікті (жерді) өндіріп алуға құқылы болатын.
Арада уақыт өтеді. Аталған серіктестік келісім шартты орындамағандықтан 2018 жылғы 2 қазанда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот «мүлікті өндіріп алу жөнінде» құжат жазып беріп, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық жеке сот орындаушысына жібереді.
Өз кезегінде сот орындаушысы 2019 жылғы 11 қарашада кепілге қойылған мүлікті (жерді) сату жөнінде Қаулы шығарады. Ал тура бір жарым айдан кейін ауданы 42 919 га жер учаскелері, 16 ауылшаруашылық техникасы Бірыңғай сауда-саттық алаңына (аукцион) жіберіледі. Жергілікті халық аукционға бірнеше күн қалған кезде ғана мән-жайдың қалай болғанын түсінеді.
Келесі күні 300-ге жуық адам әкімдік алдына жиналады. Тұрғындар Сот орындаушысының үстінен бұл жайға қатысты еш ескерту жасамағаны үшін шағым түсіріп, әкімдіктегілерден әділдікті талап етеді.
Ондағылар болса, кемінде 5 жыл егін егуге, өнім алуға рұқсат жоқ екенін түсіндіреді. Осылайша, құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып, әділдік іздеген халық аудан, облыс тіпті бас қаламыздағы Жоғары Сотқа дейін барады.
Жерді сатуға наразы халықтың өтінішінен кейін сот «Жарқын-СК» ЖШС мүлкі бойынша сауда-саттықты уақытша тоқтатады.
Ал 2020 жылғы 5 ақпанда Айыртау ауданының полиция бөлімі жерден үлесі бар адамдардың ұжымдық арызына сәйкес «Жарқын-СК» ЖШС басшылығына қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, қазір жалғастыруда.
P.S: Бабаларымыз «білектің күшімен, найзаның ұшымен» қорғаған қасиетті қара жерден артық кие бар ма?! Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы күрделі проблемаға тап болған жергілікті халықтың сол қара жерден артық байлығы жоқ.
Өткен сенбіде 5 ауыл тұрғындары жиналып, жер дауына қатысты жиын өткізді. Ал бүгін қуанышты жаңалық естідік. 3-4 жылға созылған жер дауы мен «Жарқын-СК» ЖШС жерді кепілдікке заңсыз түрде қойылғандығы бүгін Петропавл қаласындағы облыстық Сотта дәлелденді. Алдағы уақытта жер кепілдіктен шығарылады.
Заң бойынша ЖШС тиісті шығынды төлеп, жергілікті халыққа тиесілі ақыны қайтарып беруі қажет. Ал осы дауға қатысты облыстық Прокуратура өкілдері ертеңнен бастап Қылмыстық істің әрі қарай жалғасатынын жеткізді. Кінәлілер анықталып, заң алдында жауап береді.
Бүгін таңертең өткен аппеляциялық сот отырысына «kokshe content» ақпарат агенттігінің өкілдері де қатысты. Толық бейнежазбаны Youtube желісіндегі «kokshe content» арнасынан, Instagram-дағы @kokshe.content парақшасынан, Фейсбукте: https://web.facebook.com/groups/385569476131432 сілтеме арқылы көре аласыздар.