Президент БҰҰ-ның виртуалды форумында сөз сөйлейді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық дөңгелек үстелге қатысады. «Мемлекеттер мен үкімет басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді» деп мәлім етті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында. Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады. Орысқа жалтақтауды қашан қоямыз?!