Шымкент қаласында әйелдер арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы Кубогының финалы өтті. Жасыл алаңда қазіргі ел чемпионы «Биік-Қазығұрт» пен көкшетаулық «Оқжетпес» командалары кездесті. Тартысты матчта оңтүстік өңірдің командасы 3:0 есебімен жеңіске жетіп, кезекті Кубокты иеленді. Ал «Оқжетпес» клубында өнер көрсететін қыз-келіншектер күміс жүлдені місе тұтты.

