Н.Ахатұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген Ұстазы» құрметті атағын алды
Бүгін елордада Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатұлы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген Ұстазы» құрметті атағын алды. Еліміз бойынша бұл марапат 25 адамға тапсырылды.
Нұртас Ахатұлы Көкше жұртшылығына ғана емес, елімізге танымал қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, ғалым. «Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері» атты мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқауының, «Орынбай ақынның әдеби мұрасы», «Алаштың Алмас ақыны» монографиясының, «Қос арна», «Қазақтың ары», «Сөз және сурет» кітабының авторы. 2000 жылдан бері «ҚР білім беру ісінің үздігі», 2007 жылы бері «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері». ҚР «Құрмет» орденінің иегері. Ж.Мусин атындағы Көкшетау қазақ педагогика колледжінің директоры.
«Kokshe content» Ақпарат Агенттігінің ұжымы Нұртас Ахатұлын «Қазақстанның еңбек сіңірген Ұстазы» құрметті атағын алуымен шын жүректен құттықтайды!
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Игі істер күніне» арналған іс-шара өтті