Мәдениет басқармасынан жеткен "мәдениетсіздеу" хат - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақРуханият

Мәдениет басқармасынан жеткен «мәдениетсіздеу» хат

Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық — драма театрының ұжымы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа хат жолдады. Хатта мәдениет пен өнер ордасының қызметкерлері театр төңірегінде орын алған дауға қатысты наразылығын білдірді.

Мәселенің мән-жайы мынада. 17-қараша аталған театрдың негізін қалаушы, басшысы Мұратбек Оспановтың туған күні болған еді. Алайда ол сол күні театр ұжымымен туған күнін атап өтудің орнына басшылық қызметінен босатылды. Себебі тап осы күні театрға Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың қолы қойылған хат келіп түседі. Басында барлығы бұл туған күнмен құттықтау шығар десіп қалды. Бірақ олай болмады. Хатта «театр басшысы Мұратбек Үкібайұлының зейнет жасына толуына байланысты қызметтік орнын босатсын» делінген. 

«Дәл туған күн қарсаңында Мәдениет басқармасынан жеткен мәдениетсіздеу хат күллі ұжымға ұнамады», — делінген театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Артынша аталған дауға, хатқа қатысты қарашаның 18-і театрдың көрермен залында Айгүл Сәбитова театр ұжымымен жиналыс өткізеді. Қызметкерлердің айтуынша, Мәдениет басқармасының басшысы қойылған сауалдарға тұшымды жауап қайтара алмады. 

Осылайша талаптары аяққа тапталған тұтас ұжым өңір басшысы Ермек Маржықпаевқа қызметкерлердің қолы қойылған ашық хат жолдады. 

«Біз, театр ұжымы театрымыздың қазіргі директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспановты қызметтен босату туралы басқарма шешіміне қарсымыз. Біз М.Оспановтың алға қарай да жұмыс жасап, театрды басқара беруін қалаймыз», — делінген хатта. 

Айта кетейік, аталған мәселеге байланысты қарашаның 30-ы облыстық театрдың көрермен залында баспасөз мәслихатын өткізу жоспарланып отыр.  

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде дәрігерлік амбулатория ашылды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button