Конкурсқа қатысқандар саны екі есе көбейді - Б.Беспалинов - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеумет

Конкурсқа қатысқандар саны екі есе көбейді – Б.Беспалинов

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Берген Беспалинов Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысып, департаменттің өткен жылы атқарған жұмыс қорытындыларын баяндады.

Ведомство басшысының айтуынша, 2019 жылы 170 мемлекеттік қызметтен кеткен. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш азайып, мемлекеттік қызметке орналасуға конкурсқа қатысқандар саны екі есе көйбейген.

2020 жылы облыста 6 миллионнан астам адамға, оның ішінде 94,8 % электронды түрде қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 50 бақылау шарасы жүргізіліп, 13 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелді. 10 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды.

Әдеп жөніндегі кеңес 18 мемлекеттік қызметкердің тәртіптік ісін қарады. 2 қызметкер қатаң ескерту алды. Жалпы, әдеп жөніндегі кеңесте 400-ден астам құқық бұзушылық анықталды.  

Бүгінде облыс бойынша 652 мемлекеттік орган бар, онда 5021 адам қызмет етеді.   

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button