Колледж студентінен 1,5 млн.теңгенің есірткісі тәркіленді - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

Колледж студентінен 1,5 млн.теңгенің есірткісі тәркіленді

Көкшетау қаласында колледж бітіруші түлек есірткімен ұсталды. Полиция қызметкерлері оның қалтасынан аса ірі көлемдегі есірткілік а-РVP психотропты заттарын тәркіледі.

20 жастағы студент бірнеше ай бұрын полиция қызметкерлерінің назарына ілігіпті. Жедел іздестіру және кешенді бақылаудан кейін құқық қорғаушылар күдіктіні ұстады.

Жігітті ұстау барысында есірткілік а-РVP психотропты затының 24 орамасы тәркіленді. Ал тұрғылықты жері бойынша тағы 100 орама табылды.

Тәркіленген есірткі салмағы 58 грамм. (580 доза) Ал оның құны – 1,5 млн.теңге.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы, 4 бөлігіне сәйкес іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Дереккөз: Ақмола облысы ІІД

Президент БҰҰ-ның виртуалды форумында сөз сөйлейді

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button