Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда концерт өтті - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақАйшықты АқмолаРуханият

Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда концерт өтті

Бүгін Көкшетау қаласындағы Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония әртістері Алғыс айту күніне оффлайн-режимде арнайы концерттік бағдарлама өткізді.

Өткен жылдың көктеміндегі пандемиядан кейін Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония әртістері онлайн-режимде көрерменмен қауышып, концерттік бағдарламалар ұсынған болатын. Оның үстіне Ақмола облысы жиі «қызыл» аймаққа еніп, мәдениет ошақтары жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда соңғы бірнеше аптада өңірдегі эпидемиологиялық ахуал оңалып, залдың 20 пайызын толтырып, концерттік бағдарлама өткізуге рұқсат берілді. 

Бүгінгі Алғыс айту күніне орайластырып, филармония ұжымы арнайы концерттік бағдарлама әзірлепті. Оның басшысы Нұргүл Шайкенованың айтуынша, мәдениет саласының қызметкерлері көрерменді сағынып, қайта қауышатын күнге жетіп отыр. Залға жиналған көрермен де әртістерді ерекше ықылыспен қабылдап, қошеметін білдірді. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес ауқымды концерттік бағдарламалар мен ерекше жобалар көрерменге жол тартып, назарына ұсынылады.

Ал бүгінгі мерекелік концерт «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен «Гәкку» би ансамблінің өнерімен басталды. Концерт барысында «Аңшының зары», «Тау ішінде», «Шаттық», «Танго», «Риголетто» және тағы басқа да классикалық шығармалар орындалды.

Өнер кешіне жиналғандар алғысын білдірді.  Әсіресе, алдыңғы қатарға жайғасқан филармония ардагерлері  ерекше әсер алғанын жеткізді.

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button