Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері ер адамның ауылдастарына қонаққа барғанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ауылдың 52 жастағы тұрғыны анықталды.
Бірлесіп алкогольді ішімдік ішу кезінде өзара дау пайда болып, кейінірек жанжалға ұласады. Нәтижесінде күдікті танысының басы мен денесіне металл көсеумен соққы жасап, содан кейін есінен танып қалған ер адамды үйінің кіреберісіне шығарады. Жәбірленушінің денесін көршілер тапты.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.
Көкшетауда жойқын жол-көлік апаты орын алды. Бір адам көз жұмды