Көкшетауда жаңа фильм түсіріліп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ) - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақАйшықты АқмолаӘлеуметҚоғам

Көкшетауда жаңа фильм түсіріліп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Кеше Көкшетау қаласында ҚР Мәдениет қайраткері, актер, продюсер Жарас Қалдаровтың жетекшілігімен «Мақтанышым – Қазақстан» қысқаметражды фильмінің түсірілімі басталды.

Көркем туынды ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен қолға алынып отыр. Идея авторы – Ермек Маржықпаев.

 

«Мақтанышым – Қазақстан» өңірдің әдемі табиғаты мен көркем жерде өмір сүріп жатқан адам болмысын суреттеуге, туризм саласын қолдауға, еліміздің бірқатар өңірлерінде ұмыт болған салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты және тағы басқа да құндылықтарды насихаттауға бағытталған фильм.

 

Туынды режиссері – Жұлдызай Амангелдиева, сценарий авторы – Серғазы Қайырболды. Жобаның бас продюсері – Жарас Қалдаров.

 

Сондай-ақ түсірілім жұмыстарына елордадан арнайы шақыртылған білікті кино мамандары қатысуда.

 

Ал фильмнің таспаға түсірілгенге дейінгі барлық шығармашылық процестеріне «Көкше-контент» ақпарат агенттігінің режиссер, операторлары қатысса, түсірілімнен кейінгі жұмыстарына дыбыс пен бейнемонтаж мамандары және тағы басқа да қызметкерлер атсалысады.

 

Түсірілім Көкшетау қаласында, Красный Яр кентінде және Бурабайда жүргізіліп, бірнеше күнде аяқталады деп жоспарланып отыр.

   

Жобаның бас продюсері – Жарас Қалдаровтың айтуынша, «Мақтанышым – Қазақстан» қысқаметражды фильмі Көкшетаудың сұлу табиғатынан бөлек, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрімізді дәріптеуге арналған. Әрине, таспадағы басты кадрлерде өңірдің тұмса табиғаты мен ерекше жерлер қамтылады. Аталған туынды қысқа мерзім ішінде түсірілсе де, сапасы жөнінен ерекше фильмдердің қатарына енуі тиіс.

Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда Наурыз мейрамына орай концерт өтеді

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button