Көкшетауда өтеді деп жоспарланған форум онлайн форматқа ауыстырылды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Көкшетауда өтеді деп жоспарланған форум онлайн форматқа ауыстырылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі. 

Форум Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 13:00-де «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді.

Айта кетейік, аталмыш форум облыс орталығында өтеді деп жоспарланған еді. Алайда, эпидемиологиялық ахалға байланысты онлайн форматқа ауыстырылды.

Ақмола облысы «қызыл» аймақтан шықты

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button