Оқиға былай болған. Қаладағы аулалардың бірінен «Кронус» маркалы велосипед ұрланғаны туралы полицияға хабарлама келіп түседі. Шығын сомасы — 55 000 теңге.
Учаскелік инспекторлар ұрлық жасаған адамды бір сағат ішінде анықтады. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы дүкендерде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият қарап, куәгерлерді іздестіріп, жауап алды. Нәтижесінде облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдікті аулада, үй кіреберісінің жанында қараусыз қалған велосипедті көріп, оны мініп кетеді. Қылмыстық іс бойынша айыпталушы кінәсін мойындады. Ал ұрланған велосипедті кездейсоқ жолаушыға сатқаны анықталды.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған велосипедті сатыпп алған адамды тауып алып, одан өзгеге тиісті мүлікті тәркіледі. Аталған факті бойынша Көкшетау қаласы Полиция Басқармасы тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі істі бастады.