Ит екеш иттің өзі мұндайды жасамайды. Полиция күдіктіні анықтады - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғамҚылмыс

Ит екеш иттің өзі мұндайды жасамайды. Полиция күдіктіні анықтады

Ақмолалық полицейлер жаңа бейнебақылау жүйесі арқылы  елорда маңындағы Қосшы кентінде итке оқ атқан ер адамды анықтады

20 қаңтарда Instagram әлеуметтік желісінде Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы куәгерлер оқтан құлағы жараланған ит пен оның қасында жатқан өлі күшік туралы бейнежазба түсіріп, полицияға хабарлады.

Тұрғындардың айтуынша, түнде оқ даусы естілген. Әлдебір адам көлікпен жүріп, иттерді атқан. «Түні бойы айқай естілді», — деп жазды видео авторы. Жаралы итті жергілікті адамдар кездейсоқ тауып алып, дереу ауруханаға жеткізіп, мамандар алғашқы көмек көрсетті.

Қосшы кентіндегі жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары кеше ғана орнатылғанын біз хабарлаған болатынбыз. Ал бүгін жаңа технология  көмегімен полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасаған күдіктіні анықтады.

Ол Қосшы ауылының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында күдіктіден қарда жүретін көлік, екі аңшылық мылтық және патрондар тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы «Елді мекендерде оқ ататын газды, пневматикалық, лақтыратын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану», 408-бабы  «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда Қосшы ауылдық округіндегі полиция бөлімінде жедел басқару шағын орталығы таныстырылды. Оның техникалық жабдықталуын полиция департаментінің бастығы генерал — майор Арманбек Баймурзин өзі тексерді.Облыстық полиция ведомствосының басшысы атап өткендей, бұл цифрлық жаңалықтар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Шағын ЖБО техникалық мүмкіндіктері  арқылы құқық қорғау қызметкерлері қоғамдық тәртіпті онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Бір сәтте компьютер мониторында 128 бейнекамераның деректері көрсетіледі, оның 66-сы «Лесная поляна»тұрғын үй алабында орнатылған.Сондай-ақ автожолдардағы бейнекамералар кез келген көлікті, оның ішінде іздеуде жүрген көлік құралдарының нөмірлік белгілерін тани алады.

ЖБО-ның заманауи бейнебақылау камералары инфрақызыл жарықтандырумен жабдықталған.  Түнгі уақытта бейнетүсірілім жасайды.  Жаңа жүйе Полиция департаментінің жергілікті желісімен біріктірілген, бұл кез-келген камераны нақты уақыт режимінде қашықтан көруге мүмкіндік береді.

Жалпы, Қосшы кентінде бейнекамераларды орнату криминогендік жағдайды талдауға көмектеседі. Ведомство басшысының айтуынша, заманауи цифрлық технологияларды қолдану қылмыстарды жедел ашуға және 70 000-нан астам тұрғыны бар Қосшы кентін, оның ішінде  24 500-і «Лесная Поляна» тұрғындарының қоғамдық тәртібін бақылайтын таптырмас құрылғы.

Дереккөз: Ақмола облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button