Ертең елордада 150-ден астам нысанның жарығы сөнеді - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғам

Ертең елордада 150-ден астам нысанның жарығы сөнеді

27 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Жер сағаты» бүкіл ғаламдық акциясы аясында 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылады. Сол уақытта бас қаланың бірқатар нысандары жарығын өшіреді.

Жыл сайын 180 елден миллиондаған адамдар 1 сағатқа жарық пен электр құрылғыларын сөндіреді. Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері: Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей өз жарықтарын сөндіреді. Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы жыл өткен сайын танымал болып келеді. Егер бұрын бұл науқанды тек ірі қалалар қолдаса, соңғы екі жыл қатарынан елдің барлық өңірлері акцияға қосылып жатыр.

Акцияның ұйымдастырушылары: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, «Eco Fund Tabigat» қоғамдық қоры, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер.

Робот салған сурет $688,888 долларға сатылды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button