Елорда "қызыл" аймаққа өтуі мүмкін - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

Елорда «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін

Бас қаламыз коронавирустың таралуы және ауруды жұқтыру бойынша «қызыл» аймаққа жақындады. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтарға қатысты жаңа мәліметтер берді.

Еліміздің әр өңіріндегі COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 14 қаңтардағы жағдай бойынша:

Ақмола, Қостанай облыстары «Қызыл» аймақта тұр;

Нұр-сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары «сары» аймақта;

Қалған өңірлердің барлығы — «жасыл» аймақта.

Қазір, Нұр-Сұлтан қаласы «сары» және «қызыл» аймақтардың шекарасында тұр.

Еске салайық, мұның алдында бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеген еді

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button