Елімізде 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Без рубрики

Елімізде 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды

1 ақпаннан бастап еліміздегі банк филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдамайды және айырбастамайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімін ұзартуға қатысты түсініктеме берді.

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалғанын еске салады.

Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс құралдары сайтта орналасқан.

21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-ы 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар болды. Банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім тұрғындардың өтінішіне байланысты қабылданды. Кейбір азамат, негізінен, зейнет жасындағы адамдар, белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген, — делінген хабарламада.

 

 

Дереккөз: https://baq.kz/news/othernews/1-akpannan-bastap-2006-zhylgy-banknottar-kabyldanbaydy/

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button