ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ! (ВИДЕО) - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғамРуханият

ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ! (ВИДЕО)

СТЭНД-АП — ҰЛАН БАТЫРХАНҰЛЫ: Қайырлы күн, құрметті көрермен! Бүгін Көкшетау қаласында Еркін Әуелбеков көшесінде қоғам және мемлекет қайраткері, Көкшетау қаласына еңбегі сіңген тұлға Еркін Нұржанұлы Әуелбековке осындай ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанаты аяқталса да, қала халқы әлі тарқар емес. Қала халқы өзінің қуанышын, дән риза екендігін білдіріп отыр. Және де осындай еңбек еріне, еңбегі сіңген қайраткерге, оның есімі ұлықталып, еңбегі еленіп жатқаны дұрыс деп есептейді.

ЗКТ: Еркін Әуелбеков — көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері. Ол 10 жылға жуық Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Еркін Әуелбеков қызметте болған жылдары Көкшетау облысы бұрынғы Кеңес Одағында халық шаруашылығы саласын дамыту бойынша алдыңғы қатарлы облыстарға айналды. Оның ерен еңбегі әлі де ел есінде.

СНХ: ТЕҢБАЙ ИБРАЕВ — МЕМЛЕКЕТТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл – үлкен тарихи дүние. Осы Көкшетауға Еркін Нұржанұлындай еңбек еткен ешкім жоқ. Қуаныштымыз. Бұл кісінің аты осылай аталып қалуға тиісті. Жастарға үлгі болуға тиісті. Өзіміз ескерткіш орнатыла бастағаннан бастап осы тұрған жігіттер, бәрі де атсалысты. Анау астындағы фундаменті құйылғанда, барлығында қасында жүрдік бірге. Ашылғанша осында болдық. Қуанышымыз зор! Ағамыздың рухы көтеріле берсін! Жастарға үлгі болсын!

ЗКТ: Қала мен облыстың экономикасы мен мәдениетін дамытудағы, оның әл-ауқатын жақсартудағы ерекше еңбегі үшін Еркін Әуелбековке 1998 жылы «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2020 жылы Еркін Әуелбековтың 90 жылдығы атап өтіліп, өзі тұрған Сәтбаев көшесі № 15 үйге орнатылған мемориалды тақта жаңартылды. Ескерткішке қаражат жинау сол жылдардан-ақ басталған еді.

СНХ: МҰРАТ ЕЛУБАЕВ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Баяғыдан білеміз Еркін Әуелбековті. Мен Шымкентте де тұрдым, Қызылорда да болдым. Барлығы біледі. Сондықтан мың да бір рахмет Ермек Маржықпаевқа. Құтты болсын!

ЗКТ: Ескерткіштің ашылуына тек қазақ қоғамы ғана емес, өзге ұлт өкілдері де келіп, қуаныштарын жасырмады. Тамара Гречанникова – Көкшетау қаласында туып өскен, қызметін еткен. Ғұмырының 84 жылын осы қалада өткізген. Қаланың өсуі, өркендеуі, өзгеруі оның көз алдында.

СНХ: ТАМАРА ГРЕЧАННИКОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен бақыттымын! Себебі мен осы жерде поштада қызмет еттім. Вокзалды көрдім, жүрдім. Ол осы жерде өсті. Жан-жақты адам болды. Оның Көкшетау үшін еңбегі өлшеусіз. 58 жылы облысымыз тың істерін игеруге байланысты жоғары марапатқа ие болды. Қала өркендеді. Кезінде тас жолдар да, түк те болмады. Бірақ, қала таза болатын. Міне, мен жай ғана бақыттымын. Әдемі ескерткіш. Тірісінде қандай болса, тап сондай. Тіпті бас киімін шешіп, тағзым етіп тұр…

ЗКТ: Айта кетейік, бүгінде Көкшетау қаласында, сондай-ақ Арқалық және Сыр өңіріндегі іргелі көшелер арда азаматтың есімімен аталады. Сондай-ақ, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан орталығында Еркін Әуелбековке ескерткіш орнатылған. Енді міне, облыс орталығы Көкшетау қаласында да халқының ұлы ұлтына тағзым етіп тұр.

Ақмолалықтар республикалық турнирден олжалы оралды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button