Бұл қаулыға шағым жасалып, 6 сәуір күні қайта қарау үшін Ақмола облыстық сотына келіп түсті. Апелляциялық алқа оны үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Әзірге С.Ілиясовқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы заңды күшіне енген жоқ. «Оған ҚР ҚК 189 бабының 4 бөлігі 2 тармағында (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бар.
Бұл ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына жатады және баптың санкциясы 10 жылдан астам бас бостандығынан айыруды көздейді», — деп түсіндірді Ақмола облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Күләш Домалақова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі, Сүлен Ілиясов биылғы жылы ақпан айының басында өз еркімен жұмыстан кеткендігін мәлімдеді.