Әділбек Жақсыбеков еліміздегі бапкерлермен кездесу өткізді - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғам

Әділбек Жақсыбеков еліміздегі бапкерлермен кездесу өткізді

ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков Қазақстан құрама командаларының жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын Қазақстан футбол үйінде өтті.

Жиынға Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов, оның көмекшілері Игорь Свечников, Сергей Калюбин және Николай Родионов қатысты.

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов, бүгін таныстырылған жасөспірімдер құрамаларының бапкерлері Александр Кузнецов (U19) және Кирилл Морунов (U17) та басқосуда болды.

Пікір алмасу жиынына Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелері Николай Мещеряков пен Әділет Барменқұлов, ҚФФ құрама командалар департаментінің директоры Игорь Авдеев, Қазақстан құрамасының ардагерлері Мұрат Тілешев пен Андрей Финонченко қатысты.

Дереккөз: Aladop.kz

 

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button