Бурабайда сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сілеусін алғаш рет фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы ақпарат парктің "Instagram" парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.
Парк қызметкерлерінің айтуынша, өңірде сілеусіннің фототұзаққа түсіп қалу дерегі алғаш рет тіркеліп отыр. Аталмыш аң өте сақ болғандықтан, оны жасырын камераға түсіру қиын.
«Сілеусін — мысықтар отрядына жатанын ең әдемі аң. Ол ешқашан адамға бірінші болып шабуылдамайды. Сілеусін жүргенде немесе секіріп, қарғығанда артқы аяқтары алдыңғы аяқтарының ізін басады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі кезде сілеусінді аулауға тыйым салынып, қатаң қорғауға алынған. Ол еліміздің Қаратау, Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай табиғи қорықтарында және Сайрам-Өгем, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, «Көлсай көлдері», Қатонқарағай, Баянауыл, Қарқаралы, Көкшетау, Бурабай ұлттық табиғи саябақтарында және таулы алқаптардағы табиғи қорықшаларда қорғауға алынған. Сілеусін хайуанаттар бақтарында қолдан көбейтіледі.
Облыстық прокуратура негізсіз салық салу фактілерін анықтады

