Бүгін түнде "Чемпиондар Лигасы"! - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғам

Бүгін түнде «Чемпиондар Лигасы»!

Бүгін, 6 сәуірде UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында екі ойын өтеді. Алғашқы жұпта «Манчестер Сити» (Англия) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) клубтары өзара шеберлік байқасады.

Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Командалар бұған дейін аталған турнирде төрт мәрте жолықты. Оның біреуінде ағылшындар жеңіс тойын тойласа, біреуінде тең нәтиже тіркеліп, екеуінде немістер алға шықты.

Тағы бір кездесу «Реал Мадрид» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары арасында болады. Ойын елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде испандық клубтың мерейі үстем болса, екеуінде ағылшындар жеңіске жетті.

Ақмола облысы су тасқынына дайын. Бірақ…

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button