Бүгін тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

Бүгін тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің басым аумағында күн райы жылынады. Алайда біршама аймақта тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болып, боран соғады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-сы хабарлап отыр.

11 қаңтарда жылы және ылғалды Атлант циклонына байланысты ауа температурасы жоғарылайды, сонымен қатар республиканың солтүстігінде басым бөлігінде, орталығында кей жерлерде қар жауады.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.

Республиканың батыс пен солтүстік- батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.Ақмола облысының солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-22 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, желді күшейіп 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

 

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button