Бүгін Чемпиондар Лигасының кезекті ойындары - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Әлем жаңалықтарыБез рубрики

Бүгін Чемпиондар Лигасының кезекті ойындары

Бүгін футбол жанкүйерлері үшін мереке. Себебі көптен күттірген Чемпиондар лигасының ойындары жалғасын табады.

Орталық матчта Франциялық «Пари Сен – Жермен» командасы өз алаңында Каталондық «Барселона» футбол клубымен кездеседі. Ал 6 дүркін АПЛ жеңімпазы Англияның Ливерпулі немістің «Лейпцигін»  қабылдап, ¼  кезеңіне жолдама үшін таласады.

Спорт сарапшыларының айтуынша, өз алаңында 1-4 есебімен есе жіберген «Барселона» бүгінгі ойында алғашқы минуттардан бастап шабуылда ойнап «ПСЖ» командасының қақпасына толассыз соққы жасайды. Ал «ПСЖ» барынша сақ ойнап, қорғанысқа көбірек мән береді. Тартысқа толы ойында пенальти мен қоса қызыл қағаз да көрсетілу ықтималдылығы жоғары. Бұл – болжам ғана.

Өз алаңында соңғы 6 ойын бойы жеңілістен көз ашпай, ойындары сүреңсіз болып жүрген қызылдар бүгінгі матчда да «Лейпциг» командасына есе жіберуі әбден мүмкін. Алдыңғы ойында  0-2 есебімен жеңілген  Нагельсманның жігіттері алаңда көп шабуылдап, үздік қорғаушыларынан айрылған Ливерпульдің қақпасына 2 немесе одан да көп гол соғуға тырысады.  

Бүгінгі ойындар тартысты болары сөзсіз. Қызыққа толы матчтарды «QAZAQSTAN» және  «QAZSPORT» арналарынан Нұр-Сұлтан уақытымен 01:50 тамашалауға болады.

Айдәулет Райхан

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
2 Комментарий
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Гулайым

Сәлеметсіздер, мен Гулайым 44жастамын жесірмін аспазшы болып жумыс жасаймын, екі қызым бар үлкені студент екінші қызым 1і сыныпта оқиды, баспанам жоқ, Родина ауылына көшіп қоныстанғым келеді, переселение программасымен жұмыс жасамайды екен маған көмек беріңіздерші сіздерден өтінем, 87715901076

Back to top button