ӘлеуметҚоғам
Қазақстанда «ұшатын» театр ашылады
Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында орналасқан «Керуен сарай» кешенінде ауада қалықтап тұратын театр салынады.Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев демалыс орталығындағы дайындықты көріп, кешенде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты.
Жоба авторларының айтуынша, таңғажайып орталық Самұрық құстың жұмыртқасы халық аңызына негізделген. Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады.
Дәл осы алтын түсті алып жұмыртқа келбетіндегі ерекше театрда Бәйтерегіміз сияқты сиқырлы ертегілер еліне, қазақ халқының тарихына жаңа технологиялардың көмегімен, 8 D форматта әсерлі саяхат жасауға болады.
Еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісі осы театр-музейде көрсетіледі.
