АВТОЖОЛДАР: БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САПА - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

АВТОЖОЛДАР: БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САПА

Өңірдің автомобиль жолдарының сапасы толық бақылауда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының мамандары мәлімдеді. Облыстың негізгі автомагистральдары да, елді мекендердің көше-жол желілері де олардың назарынан тыс қалған жоқ. Олар жол-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерін орындау сапасын үнемі қадағалап отырады.

Ақмолалық жолшылар үшін 2021 жылдағы өткен құрылыс маусымы өте жемісті болғаны анық. Облыстық және жергілікті маңызы бар 800 шақырым автомобиль жолдары, сондай-ақ елді-мекендердің көше-жол желілері жөнделді. 230-ға жуық жоба іске асырылды, олардың бір бөлігі осы жылы жалғасын табады. Бірақ бұл ретте барлық жөндеу-құрылыс жұмыстары сапалы орындалуы және барлық талаптарға сәйкес болуы маңызды. Осы мақсатта жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы Ақмола облыстық филиалы 180-нен астам жол-құрылыс нысандарын бақылауға алып, ауқымды жұмыстар жүргізді.

«Біздің мамандар бұл нысандарға шамамен 270 рет барып, жол-құрылыс материалдарының 1164 сынамасын алды, содан кейін олар біздің сынақ зертханасында сараптамадан өтті. Нәтижесінде материалдардың 705 үлгісі стандарт талаптарына сәйкес келді. Сондай-ақ, сапарлардың нәтижесінде біз жүзден астам заң бұзушылықты анықтадық. Біз әкімдіктерге, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, мердігерлік ұйымдарға ескертулер мен сәйкессіздіктер бойынша хаттар мен сынақ хаттамаларын жолдадық. Олардың бір бөлігі жойылды, тиісті шаралар қабылданды, қайта құру құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді», — деп мәлімдеді филиал директоры Талғат Жүсіпов.

Филиал мамандары атап өткендей, олардың жұмысының басты мақсаты – жазаға тарту немесе кінәліні іздеу емес, уақытында кемшіліктерді табу және жою, барлық жұмыс түрлері мен қолданылатын материалдардың сапасы мен талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету. Автожолдар жай-күйінің ақауларын бағалауға және анықтауға көп көңіл бөлінеді. Осы диагностиканың нәтижелері бойынша мамандар белгілі бір учаскеде қандай жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі туралы ұсыныстар жасайды.

«Біздің жылжымалы жол зертханамыз барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Онда біз әртүрлі аспаптық өлшеулерді, асфальтбетон немесе цементбетон жабынын диагностикалауды, автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жағдайын бағалауды жүргіземіз. Өткен жылы біз облыстық және жергілікті маңызы бар бес автожолдың 212 шақырымын диагностикадан өткіздік, нәтижесінде біз белгілі бір учаскелерде қандай жөндеу қажет екенін ұсындық», — деп түсіндірді  филиалдың сапаны бақылау және мемлекеттік есепке алу бөлімінің инженері Абылай Төлеуов.

Филиал өз жұмысын 2022 жылы да жемісті жалғастыруға ниетті. Мұнда материалдық-техникалық базаны жетілдіруі кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Ал жаңа технологияларды зерттейтін мамандардың біліктілігін арттыруы және жол-құрылыс саласын жаңа кадрлармен толықтыруға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылдың өзінде филиал «1000 мектеп» акциясы аясында өңірдің 150-ден астам мектебінде кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізді, онда оқушыларға жолшы мамандығының шынайылығы, артықшылықтары мен перспективалары түсіндірілді. Жолшылар өңірдің оқу орындарында кәсіби бағдар беру іс-шараларын одан әрі өткізуге, сондай-ақ оқушыларға ашық есік күндері мен экскурсиялар ұйымдастыруға ниетті. Сөз соңында Талғат Жүсіпов филиал өңір автожолдарында сапа, жайлылық пен қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын, ал жолшылардың ұраны «жақсы жолдан – жарқын өмірге» басты қағидат болып қала беретінін атап өтті.

«ӨРКЕН» ГРАНТЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button