Аршалы ауданына қарасты ауыл мектебінде жылу қазандығы жарылды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

Аршалы ауданына қарасты ауыл мектебінде жылу қазандығы жарылды

Бүгін Аршалы ауданына қарасты Бұлақсай ауылдық округіндегі Абай орта мектебінде апатты жағдай орын алды."112" жедел байланыс нөміріне хабарлама келіп түсті.

11.03.21 ж.сағат 13:10 шамасында Бұлақсай ауылдық округінің Абай атындағы орта мектебінде жылу қазандығы жарылды. Сол уақытта мектепке 70-ке жуық адам болған.

Жарылыс кезінде 11 сынып оқушылары  сабақта отырған. Апатты жағдайдан кейін 7 шаршы метрлік аумақта тұтас бір қабырға опырылып, құлап түскен. 

Қазір оқушылардың барлығы қашықтан оқытылып жатыр. Жылу жүйесі іске қосылмай, мектеп табалдырығын аттамайды.  

Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Алайда бірнеше адам жеңіл жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. 

Абай атындағы ауыл мектебінде 114 оқушы білім алады. Мектеп 1972 жылы салынып, 2004 жылы жөндеуден өткізілген. 

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button