"Арқаның Айбозы" І Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы аяқталды (ВИДЕО) - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақРуханият

«Арқаның Айбозы» І Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы аяқталды (ВИДЕО)

Көкшетау қаласында Қажыбай Жахин атындағы І Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы бастау алғандығын хабарлаған едік. 17-қараша Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында байқаудың 2 іріктеу кезеңі өтті. Қарашаның 18-і «Көкшетау» Мәдениет сарайында екі күндік байқаудың қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар анықталды. 

Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына Гала-концерт ұсынылды. Шара Ақмола облысы әкімдігінің  қолдауымен ұйымдастырылды. 

Байқауға ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Еркін Шүкіман, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова қазылық етті.   

Іріктеу кезеңіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан 20 орындаушы қатысты. 

Сәкен Әлімханов, Біржан Айтахметов, Фархат Жәкіш (Нұр-Сұлтан қаласы), Нариман Әбдірахманов (Алматы қаласы), Тәттімбет Хабдыраззах (Шымкент қаласы), Азат Әбдіғалым (Қарағанды облысы), Біржан Есжанов (СҚО), Шыңғыс Сәрсенбай және Аслан Мұхамедияр (Ақмола облысы) 100 мың теңге ақшалай сертификатпен және белсенді қатысқаны үшін дипломымен марапатталды. 

Солтүстік Қазақстан облысының қатысушысы Еркебұлан Қарыпов 3-дәрежелі дипломмен және 600 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. 2-дәрежелі дипломмен және 800 мың теңге ақшалай сертификатпен Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Өзгеріс Шерікбай марапатталды. Ұйымдастыру алқасының 1-дәрежелі дипломы және 1 млн теңге ақшалай сертификатымен Нұр-Сұлтан қаласынан келген Алуа Қалымбекова марапатталды.  

Көкшетаулық Бауыржан Нұрмұханов 20 қатысушының арасынан топ жарып, бас жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, бас бәйге — автокөліктің иегері атанды.  

Бауыржан Нұрмұханов тек Көкше жұртшылығына ғана емес, күллі республикаға белгілі халық әндерін орындаушы. 2017 жылғы «Мен — Қазақпын» жобасының қатысушысы, ТМД елдерінің Дельфийлік ойындарының алтын медаль иегері, облыстық, республикалық ән-жыр байқауларының жеңімпазы.

Біржан сал атындағы Көкшетау музыка колледжінің «дәстүрлі ән» бөлімінде, Қазақ өнер университетінде білім алған. 

«Арқаның Айбозы» І Республикалық байқауы бастау алды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button