«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, алдағы үш күнде қар жауады. 26-28 қаңтар аралығында ылы ауа райы сақталады.
Қазақстанның солтүстік жартысы жылы атмосфералық фронт жолына түседі. Яғни, аспанды тығыз бұлт жауып, соның әсерінен қар түседі. Аяздың беті қайтады.
Еліміз бойынша кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік өңірде бұрқасын болады.