Алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет" мамандары 18-20 қараша аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын хабарлады.

18-19 қарашада Атлантикалық циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болып, екпінді жел соғады.

20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклоны келеді, соның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды.

Алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклонның салдарынан қайтадан жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ауа температурасының ауытқуы Қазақстанның батысында түнде 0-5 градустан 5- 10-ға дейін аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 5-15 градустан 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13 градустан 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10 градустан 15-25-ке дейін аяз болады.

«Арқаның Айбозы» І Республикалық байқауы бастау алды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button