Айдар Махметов джиу-джитсудан әлем чемпионатының "күміс" жүлдегері атанды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
Әлеумет

Айдар Махметов джиу-джитсудан әлем чемпионатының «күміс» жүлдегері атанды

АҚШ-тың Даллас қаласында джиу-джитсудан "IBJJF World Jiu-Jitsu No-Gi Championship 2021" әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада қазақстандық спортшы Айдар Махметов "күміс" жүлдеге ие болды, деп хабарлайды "Көкше-контент" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Лос-Анджелесте бар болғаны 10 күн жаттықтым. Сондықтан, өзімнің үйреншікті, орта салмағымда емес, жартылай ауыр салмақта өнер көрсеттім. Толық жаттығып үлгермедім. Дегенмен, жеңіске деген құлшынысым, әдеттегідей, жоғары болды», — деді ол.

Спортшы ақтық кезеңде ММА-дан әлемнің экс-чемпионы америкалық Джеррод Кардқа қарсы шығып, есе жіберді. 

«Финалға дайындығым жақсы еді. «Алтын» жүлдені аңсадым. Бірақ қарсыласым да осал болмады. «Wild Card» шымыр, тәжірибелі әрі мықты спортшы. Бәсекені менің тізе жарақатыма байланысты тоқтатты. Өте өкінішті…»

Сонымен қатар, Айдар Махметов қолдау білдірген адамдарға алғысын білдіріп, қуанышын жеткізді. 

«Сондай-ақ, дәстүрлі — Қазақстан алға!», — деп түйіндеді сөзін спортшы.

Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button