АймақАйшықты АқмолаӘлеуметҚоғам
Ақмолалық спортшы республикалық турнирде топ жарды
Алматы қаласында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық чемпионат өтті. Бұл жарысқа Ақмола облысынан 9 спортшы қатысты. (Көкшетау қаласы, Жарқайың және Атбасар ауданының өкілдері). 56 келі салмақтағы Көкшенің жас өрені Рахымжан Әли қола медальді иеленді. Естеріңізге сала кетейік, жас спортшыларды Бақыт Шыныбеков, Андрей Спиридонов және Самат Мағзұмов жаттықтырады.