Аймақ
Ақмола спортшысы Қазақстан чемпионатында 3 «күміс» жүлде иеленді
Парктік спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Оған еліміздің сегіз өңірінен 150-ден астам атлет қатысты, деп хабарлайды Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен чемпионатқа Бурабай ауданынан «Жоғары спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы Карина Боранбаева қатысты.
Ол спринт, қысқа және орта қашықтықтар бойынша жасөспірімдер тобында (W-20) өнер көрсетіп, 3 «күміс» жүлдеге ие болды.
Айдар Махметов джиу-джитсудан әлем чемпионатының «күміс» жүлдегері атанды