Ақмола облысының тұрғынынан 18 жарылғыш зат табылды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғам

Ақмола облысының тұрғынынан 18 жарылғыш зат табылды

Ақмола облысының тұрғынынан 18 жарылғыш зат табылды

«Қару» жедел-алдын алу шарасы кезінде Ақмола облысының полиция қызметкерлері Жолымбет кентіндегі 38 жастағы тұрғыннан 18 электр детонаторын тәркілеген», — деп хабарлайды Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Сарапшының қорытындысына сәйкес, электр детонаторлары заряд тудыруға арналған және жару құралы болып табылады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі «Жарылғыш заттарды заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктіге қатысты «келу міндеттемесі» мәжбүрлеу шарасы таңдалды», — дейді ведомство қызметкерлері.

Атап өтейік, Ақмола облысының аумағында 17 мамыр мен 16 маусым аралығында «Қару» республикалық жедел-алдын алу операциясы өткізілуде.

 

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button