Ақмола облысының 31 жастағы тұрғыны атылып қалды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеуметҚоғам

Ақмола облысының 31 жастағы тұрғыны атылып қалды

Ақмола облысының 31 жастағы тұрғыны атылып өлді, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін Есіл ауданындағы Ленинское ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, ас бөлмесінде 31 жастағы ұлының денесін тапқанын жеткізген. Ер адамның сөзінше, ұлы өзін өзі мылтықпен атқан.

«Бұл оқиға сотқа Қылмыстық кодекстің 105-ші бабының 1-ші бөлігі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ер адамның денесі ас үйден табылғанын анықтады. Сонымен бірге, оның жанынан «ТОЗ» маркалы 12 калибрлі қосауыз мылтық табылды. Қазіргі кезде, сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән–жайы тексеріліп жатыр», — деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

«Арқаның Айбозы» І Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы аяқталды (ВИДЕО)

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button