Ақмола облысында жазғы лагерьлердің жұмысына рұқсат берілді - Кокше-Контент: Информационное Агенство
ӘлеуметҚоғам

Ақмола облысында жазғы лагерьлердің жұмысына рұқсат берілді

Лагерьлер тек 30 пайыз жүктемемен жұмыс істейді. Санитарлық талаптар да қатаң сақталуы тиіс. Демалушыларда ПТР тестілеудің нәтижесі болуы міндетті. Лагерь қызметкерлері де тексеруден өтеді. Облыста 20 лагерь бар. Әзірге олардың біреуі ғана облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен рұқсат құжатын алған.

Ақмаржан Сәрсенова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны алған жазғы демалыс орындары ғана өз жұмысын бастауға міндетті. Олар санитарлық нормалардың бәрін қатаң сақтауы тиіс. Егер де санитарлық талаптар сақталмаған жағдайда, оларға жабылу, жұмысын тоқтату сияқты қатаң шаралар қолданылады. Жергілікті мониторингтік топтардың назарында болады. Олар кез келген уақытта тексере алады.
Дереккөз: https://qazaqstan.tv/
Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button