Полиция подполковнигі Айнагүл Қуандықованың айтуынша, есірткі, улы зат, ішімдік қолданатын кәмелет жасына толмаған балалар жіті қадағалауда ұсталады. Сондай-ақ, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі. Атап айтсақ, жыл басынан бері ювеналды полиция қызметкерлері мыңға жуық баламен жүзбе-жүз кездесіп, әңгімелескен.
Бұдан бөлек, «Жасөспірім.Заң.Қауіпсіздік» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі уақытта көше кезіп жүретін балалар қадағалауға алынады. Мектеп инпекторлары түсіндірме жұмыстарын өткізеді. Соның арқасында өңір бойынша жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыс 65,4% азайды.
Түрлі құқық бұзушылық бойынша соңғы екі айда полиция бөлімшесіне 800-ге жуық жасөспірім жеткізілген. Кәмелет жасына жетпеген 200 жеткіншек арнайы тіркеуге алынды.
Ақмола облысы ПД Баспасөз қызметі