Ақмола облысында пәтер өртінен бес жасар бала көз жұмды - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақҚоғам

Ақмола облысында пәтер өртінен бес жасар бала көз жұмды

Ақмола облысында пәтер өртеніп, бес жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, өрт бүгін сағат 06:15-те Байқоныс ауылындағы екі пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт 85 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан алты қызметкер және бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып үлгерді. Өкінішке қарай, 2016 жылғы үлкен ұлы өрттен көз жұмды. Күйік шалған ер адам Степногор қалалық ауруханасына жатқызылды», — деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, өрт 07:14-те ауыздықталып, 07:46-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Көкшетауда бір түнде екі қылмыс жасалды

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button