Ақмола облысында игерілмей жатқан 3 млн гектар жер алқабы бар - Кокше-Контент: Информационное Агенство
АймақӘлеумет

Ақмола облысында игерілмей жатқан 3 млн гектар жер алқабы бар

Өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен VII шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының екінші кезекті сессиясы өтті.

10 наурызда өткен Мәслихат сессиясының барысында білім беру, жер ресурстарын пайдалану жайлы күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

2021 жылы Ақмола облысында үш жарым мың орындық 7 жаңа мектеп, 1000 жуық орынға арналған 2 мектепке жапсаржай салу жоспарланып отыр.

Биыл мемлекеттік бюджеттен 100 білім беру ұйымына жөндеу жұмыстарын жүргізуге шамамен 3 млрд. теңге бөлінді.

Депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, жыл соңына дейін қосымша 22 мектеп автобусын сатып алуға 326 млн. теңге қаржы жұмсалды.

Қазір облыс аумағында 3 млн. гектарға жуық пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқабы бар. Бұл мониторингілеу жұмыстары кезінде анықталды.  Аймақ басшысы игерілмей жатқан жерлерді беруде заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ өңір басшысы тұрмыстағы бірінші қажеттілікке пайдаланатын тауарлар бағасын негізсіз өсірмеу керек екендігіне ерекше тоқталып, жауаптылар сынға ілінетінін жеткізді. Осыған байланысты күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Жыл басынан бері 595 меморандум жасалып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 14 жәрмеңкесі өткізілді. Оның ішінде облыстық тұрақтандыру қорының тауарлары сатылуда. Бағаны тұрақтандыру тетіктерін одан әрі іске асыру үшін ағымдағы жылы бюджеттен қосымша 393 млн. теңге бөлінеді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Алдағы демалыста күн райы бұзылады — синоптиктер

Подписаться
Туралы хабарлама
guest
0 Комментарий
Inline Feedbacks
View all comments
Back to top button