Оқиға былай болған. 11 наурызда Атбасар қаласында коммуналдық қызметтерге төленетін ақыны банкоматтан шешіп жатқан инспекторды тонайды. Шығын – 191 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ сол күні қылмыскер тағы екі қылмыс жасайды. Азық-түлік дүкенін тонап, ол жерден 212 мың теңгені қолды қылады. Көп ұзамай тұрғын үйлердің біріне ұрлыққа түседі.
Жедел іздестіру кезінде құқық қорғау қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы 37 жастағы Атбасар қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ол бұған дейін бірнеше қылмыс бойынша істі болғандығы анықталды. Қылмыскер өз кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық Кодекстің 191, 188 бабы бойынша 3 бірдей қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Ақмолалық құтқарушылар жылыту пункттеріне 56 адамды жеткізді